18
мамыр
2023
«Тәжірибе алаңы»
2023 жылдың 18 мамыр күні №44 жалпы орта білім беретін мектебінде дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру, шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін –өзі жарнамалауына көмек көрсету мақсатында «Тәжірибе алаңы» атты шығармашылық алаңда мектептің дарынды да, талантты да оқушыларының жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, оқушылар өз жұмыстарымен таныстырды. Іс-шараға оқушылардың ата-аналары және ұстаздары қатысты.







