«Дара жол- Әлмейізова Базаркүл Темербайқызы»
Тақырыбы: «Дара жол- Әлмейізова Базаркүл Темербайқызы»
Ән «Ұстаз»-А.Қалаева
Жүргізуші: Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін, пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл ұстаздар!
Жүргізуші:
Ұзақ жол жүріп келе жатқан адам, қиядан қиялап, ойдан ойыстап, тау-дөңестен тауқымет тартып өтіп келе жатып бір бекетке өкше тірегенде артта қаншама із қалды, енді алдымда не қарасын бар демей ме? Дәл осы сияқты аман есен тіршілік кешетін адамның белгілі бір уақытта кемел жасқа толған сәтінде осындай ой сезінетіні бар. Бүгінде жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үмітін, мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлға, егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азамат, ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Ұстаздыққа деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетеледі, іске батыл кірісуге септігін тигізді. Нәтижесінде бір емес, мыңдаған жас жүрекке мәңгі ұстаз болған, кешіміздің қонағы- Әлмейізова Базаркүл Темербайқызын құрметпен ортаға шақырамыз!
Жүргізуші:Ендеше, кешіміздің шымылдығын ашу үшін кезекті «Томирис» би тобына береміз!
Жүргізуші: Әл-Фараби: «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөздерден біз Базаркүл әкпейдің бейнесін көреміз.Бүгінгі әңгімеміз өте әсерлі және өнегелі болатынына кәміл сенеміз! Осы өнегелі ісіне дәлел ретінде мына бейнебаянға назар аударайық.
Өмірбаяны видео №1
Жүргізуші: Бұл сіз туралы айтылған мәлеметтердің азы ғана, ал біз білмейтін сіздің қырларыңыз бен сырларыңыз қаншама.
Жүргізуші: Бүгінгі кешімізге әкпейдің бауыры Айсұлу әкпе келіп отыр, әңгімеміздің басын сізден бастасақ.
Базаркүл әкпейдің бауыр ретінде қандай қамқорлығын көрдіңіз?
Сізге қандай ақыл-кеңесі болды?
Сіздің кішкентай бала кезіңіз бен әкпейдің жас бойжеткен кезін еске алыңызшы!
Ал енді әкпей сізге сұрақ туындап отыр, балалық шағыңызда есте қалған бір қызықты оқиғаны айтып берсеңіз?
Жүргізуші : «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?
Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы?
Жүргізуші :Адамдар қанша жасқа келсе де, мектеп өмірін, әріптестерін сағынып жатады. Бүгін бағдарламаға ұстаздық атты ұлы жолды өзіңіз сияқты ұлықтаған әріптесіңіз, ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалім Макен әкпей келіп отыр.
Базаркүл әкпей көшбасшы ретінде білеміз.
Осы шынайы көшбасшының бойында қандай қасиеттерді көрдіңіз?
Макен әкпей сізге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр, бәріміз әкпейді талапшыл, қатал басшы болғандығын білеміз, қатты шаршаған, қиналған сәттерде осы жұмыстан кету ойыңызда болды ма? Болса не тоқтатты?
Жүргізуші: Ал ендігі кезекте Базаркүл әкпеймен қызмет баспалдағында бір жүрген әріптестерінің жылы лебізіне құлақ түрейік!
Көкірекбаев, Шишова №2 видео
Жүргізуші:Анна Андреевна, мы знаем что вы являетесь коллегой, и подругой Базаркул Темербаевны, а что вы можете сказать о ней как о личности?
Жүргізуші : Әкпейдің еңбек жолы, тәжірибесінің өзі елге аңыз.
Ниетқали Әбдімомынұлы сіз осы әкпейдің дара жолы, өмір жолы арқылы өзіңізге не түйдіңіз, осы кісіге қарап отырып, бұл кісінің қандай өмірлік тәжірибесі сізге сабақ болып отыр?
Жүргізуші: «Шәкіртсіз ұстаз- тұл»-дейді сіздің шәкірттеріңіздің біразы қазіргі күнде өзіңізбен бірге қызмет істеуде. Шәкірт ретінде оқушылық кезеңге бір көз жүгіртіп өтсек.
Сондай-ақ кешімізге келіп отырған көрермендердің жылы лебізіне кезек берейік.
Жүргізуші: Ал ендеше өзіңіз тәжірибесі мол ұстаз ретінде, жас мамандарға ақыл-кеңестеріңізді айтып өтсеңіз.
«Дара жолдағы із» айдары
1.Көп дос жинадыңыз,бүгін оның куәсі болдық.Ал дұшпаныңыз бар ма әлде жоқ па деген сұрақ мазалайды ма?
2.Ең қатты сүрінген сәтіңіз?
3.Қандай жағдайлар сізді өкпелетеді?
4.Бүгінгі күні ұстаз болмағанда сізден кім шығар еді?
5.Өзіңізге өзіңіз жиі қоятын сұрақ?
Жүргізуші:
Бүгінгі мақстамыз «Әркімнің өз дара жолы бар» оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бар және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне,еліне,ұлтына берер пайдасы туралы дәріпттеу.Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне,шабытына шабыт қосуғак,өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестерімен бөлісу.Әркімнің дара жолды өзі салады,ал оны сала білу әркімнің өз қолында.
Базаркүл Темірбайқызы өмірде ұстаз,қоғамда да ұстаз болып, көпке бас болған тұлғасыз!Бүгінде ардагер ұстазсыз.Тік жүріп,әдемі қартаюдың үлгісін көрсетіп ,тынымсыз еңбектің арқасында елге сыйлы болып отырсыз.Жас ұстаздар, өмір сүруді сіздерден үйрену керек.Талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болып, Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.
Ән «Ұстаз» Алпысбай Айдын