Әлем чемпионымен кездесу
Спорт – адам денсаулығының басты кепілі. Спортпен шұғылданған адамның денесі шымыр, ой-санасы дамыған, епті келеді. Бүгінгі таңда жастарымыздың осы салаға бет бұрғандығы қуантарлық жағдай. Мектеп оқушылары үшін спорт майталмандарымен кездесу - болашақта өздері деген сенімділікті арттыра түсері сөзсіз.
Жуырда мектебімізде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы жүзеге асыру мақсатында «Туған елге тағзым» тақырыбында ауданымыздың белгілі азаматы, дзюдо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионы Джарашуиев Нұрлан Ануарұлымен кездесу ұйымдастырылды. «Құлақпен естіген танық, көзбен көрген анық» деген нақыл сөздердің қымбаттылығын, көзбен көрудің асылдығын білдірсе керек. Шынайы чемпионды көру-барлық оқушы үшін мақсаттарын айқындай, бағыттарын анықтай түскендей. Әсіресе, мектебіміздің спорт майталмандары үшін аталмыш кездесу үлкен қуаныш сыйлады. Спорт алаңында биік белестерді бағындырып жүрген спортшыларымыз 8-сынып оқушысы Серік Ерасыл, Жұмаділ Арнат, Хамировтар әулетінен шыққан каратэ майталмандарымыз, 9 сынып оқушысы Ізбасар Аңсардың мақсаттарын нақтылай түсті.
Нұрлан Ануарұлы «Ақтоған» ауылында дүниеге келіп, бүгінгі таңда Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінінің директоры, Қазақстан Халқы Ассамблеясы аясында құрылған аудандағы балқар мәдени орталығының жетекшісі, осы салада атқарған жұмыстары үшін 2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған спортшымен кездесу біздің оқушыларымыз үшін үлкен мәртебе болды.Ауданымыздың өсіп –өркендеуіне, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікке және спорттың дамуына, күрес түрлерінің, оның ішінде қазақ күресінің дамуына үлес қосып жүрген азамат ретінде оқушылармен кездесіп, ой бөлісу кезінде өз жетістіктерінің тек табанды еңбектің арқасында екенін айтты.Спортшының жеңістері туралы видеоролик көрсетіліп, оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті.
Джарашуев Нурлан Ануарұлы оқушыларға алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар екендігін, сол асулар мен қиындықтарды жеңу үшін білім, талап, талант керек екендігін тілге тиек етіп, оқушыларымыздың бойына жігер беріп, ертеңгі күніне сенімділіктерін арттырды.