Жамбыл Жабаев 175 жыл » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Жамбыл Жабаев 175 жыл
01
қараша
2021

Жамбыл Жабаев 175 жыл

«Елдің елдігі – асылын ардақтай білуінде. Бұл тұрғыда қазақ елінің тарихында тағылымды тұстар баршылық. Дәстүрімізді дәріптей отырып, жақсымызды жарқыратып ұстау, ұлыларды ұлықтауды – тәуелсіздік туын тіккелі бері мемлекеттік саясатымыздың бір арнасына айналғаны мәлім.
Міне, тағы бір ұлы тойдың кезегі келіп , ел болып тойлайтын жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жүз жыл жырлаған жүрек» әдеби - танымдық кеші №44 жалпы орта білім беретін мектебінде аталып өтті.
      Тәуелсіздігіміздің 30  жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған осы дүбірлі мерекенің басты мақсаты - сөз мәйегін кие тұтқан абыз Жамбыл жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау.
        Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл Жабаев сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.