Мектеп директоры » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
қыркүйек
2023

Мектеп директоры

Өмірбаян

Мен  Кыстауов Болатбек Танибергенович, 1984 жылы 22 тамызда Жамбылская область Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.

  1991-2001 жылдары Сарымолдаев ауылындағы №9 Савва атындағы орта мектебінде білім алдым.

2001-2005 жылдары аралығында   Алматы қаласы  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  университетінің физика-информатика факультетінде оқып аяқтадым.

2005 жылы Меркі ауданы №9 Савва атындағы орта мектебіне информатика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 

2008-2016 жылдары осы мектепте директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары қызметін атқардым.   

2014 жылы Облыстық «Лучший педагог -2014» байқауында Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасының ІІ дәрежелі дипломымен және Жамбылская область әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым.

2016 жылдың ақпан айынан Меркі ауданындағы Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп лицейінің директоры қызметіне тағайындалдым.

2017 жылы ХVІІ Облыстық «Жол қозғалыс инспекторлары» слетін ұйымдастыруға белсене қатысқаным үшін Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталдым.

2018 жылы ҚР ҚК әскери полоигонында өткізілген жауынгерлік парадты ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін Жамбылская область әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым. Әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы  төрайымының Құрмет грамотасымен марапатталдым.

2019 жылы Облыстық «Лучший жас директор» байқауына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен және Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасының Алғыс хатымен марапатталдым.

2020 жылы «Nur Otan» париясының Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқаны үшін «Nur Otan» париясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Б.Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталдым. 

«Республиканың үздік мектебі» онлайн байқауына қатысып «Қазақстан Республикасының үздік ауылдық лицей, гимназиясы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, 

2022 жылы Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының 34 000 000 теңге сертификат иегері болып марапатталдым.

2021 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan»  партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне үлес қосқаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым.

2022 жылы елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты, ауданның тыныштығын ойлап, патриоттық қасиеттерді көрсеткенім үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда түсіндіру жұмыстарына белсенді түрде қатысып, ортақ іске үлес қосқаны үшін «Аманат» партиясының Атқарушысы хатшысы А.Ораловтың Алғыс хатымен марапатталдым

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектеен тыс сайлауында  Халықтық коалицияның үгіт насихат жұмысына белсене ат салысқаным үшін Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошанов Алғыс хатпен мараппатталдым.

2023 жылы Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі білім беру басшылары арасында ұйымдастырылған І облысытық «Directors CUP»  дебат турнирінің аудандық кезеңінде «Лучший аналитик»  номинациясы бойынша  Дипломмен марапатталдым.

2023 жылы математика пәнінен 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған облыстық олимпиаданың өтуіне үлес қосқаным үшін Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.А.Өмірбек Алғыс хатпен марапатталдым. 

2023 жылы  «Жыл директоры» Білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кәсіби байқауындағы үздік нәтижесі үшін І дәрежелі  дипломмен марапатталдым. Директор А.С.Шүйіншәли

Отбасын құрғанмын.  Бір ұл, үш қыз тәрбиелеудемін. Әскери міндеттімін. Қазақ, орыс тілдерін жетік білемін. Информациятық-коммуникативтік технологиямен жұмыс істеймін.