Әлеуметтік педагог » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
қыркүйек
2014

Әлеуметтік педагог

      Шашубаева Айжан Арыстамбековна

Білімі:жоғары, мамандығы:Бастауыш сынып мұғалімі

 Шашубаева Айжан Арыстамбекқызы 1980 жылы 28 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келді.   1986 жылы Тараз қаласындағы Ушинский атындағы №23 орта мектепке бірінші орыс сыныбына қабылданып, бесінші сыныпта Абай атындағы №26 орта мектептің қызық сыныбына ауысты. 1997 жылы мектепті үздік қызыл аттестатпен тәмамдап, 1997 жылы Жамбыл жеңіл  және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына түсіп, 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университетінің Жеңіл өнеркәсібінің экономикасы және менеджменті мамандығын бітірді. Оқып жүріп тұрмысқа шығып, сәбилі болды. Тұрмыста отырып   бала кезіндегі арманмен 2006 жылы Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» университетіне түсіп, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінің  «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесі берілді.

       А.Арыстамбекқызы дипломды қолға алып 2008 жылдың қыркүйек айында Меркі ауданы, «Жеміс-жидек» ауылындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа тұрды. 2015-2016 оқу жылынан бастап қазіргі кезге дейін аталған мектепте әлеуметтік педагог болып жемісті қызмет атқарып келемін.