Республикалық "Ақберен " шығармашыл оқушылар арасындағы өнер байқауы (аудандық кезең)
8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б. ) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу мақсатында республикалық "Ақберен " шығармашыл оқушылар арасындағы өнер байқауында (аудандық кезең) «Шешендік білгірлік сайысы» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Серік Аяулым ІІ жүлделі орын,мұғалімі Л.Мырсеитова «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Рысбек Жанерке ІІ орын және «Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Жарылқасын Бексұлтан ІІІ жүлделі орынды иеленді, мұғалімі Д.Қожахметова.