Педагогикалық кеңес № 2 » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Педагогикалық кеңес № 2
30
қазан
2025

Педагогикалық кеңес № 2

№44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 30 қазанында кезекті педагогикалық кеңес өткізіліп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, №1 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалу барысы талданып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланды, белгіленген міндеттердің орындалу деңгейіне тоқталып өтті.
Келесі мәселе ретінде І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының нәтижелері қарастырылды. Гимназия сыныптарындағы кеңейтілген және тереңдетілген пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейіне талдау жасалып, пәндер бойынша жетістіктер мен кемшіліктер анықталды. Оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру мақсатында мұғалімдерге нақты ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, оқу-танымдық қызметке жоғары мотивациясы бар білім алушылармен жұмыс мәселесі қозғалды. «Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткер оқушыларды анықтау, олармен жүйелі жұмыс жүргізу, білім сапасын тұрақты бақылауда ұстау бағытында ұсыныстар айтылды.
Педагогикалық кеңесте 4 және 9-сынып оқушыларының ББЖМ пәндері бойынша оқу нәтижелері де талқыланды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұ. Наушабаева аталған сыныптардың білім деңгейіне талдау жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Кеңесте мектептегі тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы да қарастырылды, тамақтандырудың сапасы, ұйымдастырылуы және санитарлық талаптардың сақталуы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, инклюзивті біліммен қамтылған оқушылардың оқу нәтижелері талданып, олардың білім алуына қолайлы жағдай жасау, жеке қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстардың тиімділігі туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Даутов баяндама жасап, оқушылар арасындағы тәртіп, профилактикалық жұмыстардың нәтижелері және алдағы жоспарлар туралы мәлімет берді.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу мотивациясын күшейту, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жандандыру, сондай-ақ тәрбие және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша нақты міндеттер белгіленді.