Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың маңызды құралы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың маңызды құралы
11
сәуір
2024

Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың маңызды құралы

Бүгінгі таңда білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі –оқыту мен оқуды білім берудің маңызды салаласына айналдыру. Оқыту мен оқуды тығыз байланыстыру арқылы ғана табыстылыққа ұмтылуға болады. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. 

        Бүгінгі таңда шәкіртті оқыту ісіне ерекше көңіл бөлініп, қолға алынып отыр. Оқушының табысты болуы- ұстаздың табысты оқытуы. Олай болса, оқыту өзекті болғанда ғана, табысты оқуға жетеріміз сөзсіз. «Қазіргі таңда оқушыны қалай оқытамыз?», «Оқыту мен оқуды қалай тиімді жүргіземіз?»  деген сұрақтар туындайды. Соған сәйкес білім саласына заман ағымына сай жаңа бағдарламалар, жаңа технология әдіс-тәсілдері енгізілуде. Осы идеялардан оқытудың инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды. Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. 

    Меніңше, табысты оқыту мен оқудың нәтижесі- пән  бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, адамдармен, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген қиын жағдайдан шығудың жолын таба білетін, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Сондықтан оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру-бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.

           Сонымен қатар,  мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен білім алушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; Белсенді сабақта білім алушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады. Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес.

     Оқытудың табыстылығы-ұстаздың білімі мен сабақты дұрыс құрылымдай алатыны, жаңаша көзқарасы, белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануымен ғана шектелмейді. Сол берген білімнен өзіне өмірлік дән іздеп, болашағымен байланыстыратын шәкіртке де байланысты. Білім алушының ынта-жігері мен өзінің білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір білім алушының өзіндік маңызын және қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет. Бұл үшін мұғалім білім алушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.

      Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға және алынған мәліметтерді бағалауға көңіл аударуы қажет. Сондықтан әр сабақта оқушының өздігінен еңбектенуіне, шығармашылықпен ізденуіне, қорытынды жасауына итермелеп, осындай іс-әреткеттерге дағдыландыру керек. Әрине, бірден жұмыс сапалы бола қоймас, оқушының жіберілген қатесімен қайта жұмыс жасауына, кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік беру керек. Оқытушы білімі төмендерге көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы  белсендігін арттырады. Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру-егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады.

           Қорытындылай келе, «Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды» деген В.Сухомлинский сөзінен табыстылыққа  ұмтылу-оқу мен оқытудың маңызды құралы, ажырамас бөлшегі болу үшін аянбай еңбек етуіміз қажет екеніне тағы да жол сілтеп тұрғандай...