18
қаңтар
2024
Аудандық «Сапары білім.Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ»
№44 жалпы орта білім беретін мектебінде 08.01-31.01.2024ж. аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық «Сапары білім.Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ» айдарындағы ашық сабақтар айлығының жоспарына сай бастауыш сынып мұғалімі М Ахметова 3 «Б» сыныбында жаратылыстану пәнінен "Қандай топырақ құнарлы?" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында білім алушылар топырақтың құрамын зерттеп, жүргізілген экспериментке қарай "STEM" технологисына орай есеп шығарып, диаграмма құрды. Білім алушылардың қол ұшы ұсақ моторикасын дамыту мақсатында сары балшықтан топырақта мекен ететін тіршілік иелерін жасады. Үй тапсырмасын қайталап, жаңа сабақты бекіту мақсатында "Wordwoll" платформасы пайдаланылды.








