17
қаңтар
2024
Білім сапасын арттырудағы ОҚУШЫ-АТА-АНА-МҰҒАЛІМ үштігінің бірлескен жұмысы
№3 педагогикалық кеңес шешіміне сәйкес І жарты жылдық қорытындысы бойынша төмен білім сапасын көрсеткен 10 «Б» сыныбының білім сапасын арттыру мақсатында мектеп директорының 3 қаңтар күнгі №2 бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары кезең-кезеңмен белгіленді. 1-кезең диагностика жүргізу, 2-кезең сабақтарға қатысу, SWOT талдау жасау, 3-кезең әдістемелік көмек көрсету. Жоспар бойынша осы сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің сапалық құрамына талдау жасалынды, педагогтардан, ата-аналар мен білім алушылардан сауалнама алынып, нәтижесі сараланды. Негізгі пәндерден әкімшілік бақылау жұмысы алынып, 2-тоқсандағы білім сапасымен салыстырмалы мониторинг жүргізілді. 1-кезең жұмысын қорытындылау мақсатында 16 қаңтар күні педагогикалық консиллиум өтті. Мұғалім - оқушы - ата-ана арасындағы байланысты нығайту арқылы бір-біріне көмек беру, оқушылардың сабақ үлгерімінің төмендеу себеп-салдарын анықтауды мақсат еткен педагогикалық консилиумда
оқушылардың сабақ үлгерімін жақсарту жолындағы мұғалім, оқушы, ата-ана тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, шешу жолдары қабылданды.



оқушылардың сабақ үлгерімін жақсарту жолындағы мұғалім, оқушы, ата-ана тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, шешу жолдары қабылданды.



