07
қараша
2023
Меркі ауданы ЕНТ филиалының директоры Г. Сақыпбектегі мектеп бітіруші түлектермен


2023 жылдың 7 қарашасында Меркі ауданы ЕНТ филиалының директоры Г. Сақыпбектегі мектеп бітіруші түлектермен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндірме жиналысын өткізді. 2023 жылғы мектеп бітіруші түлектердің қорытындысына тоқталып, «ЕНТ-2024» ерекшеліктерімен таныстырды. Бейіндік пәндер комбинациясын және сол пәндер бойынша шекті балл жинағандар үлесін айтып өтті. Шығармашылық бағытқа енгізілген өзгерістерге тоқталды. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, баланың тестілеуге дайындығы мен тасымалдау кезіндегі өмір қауіпсіздігіне жауапты екенін ескертті.