06
желтоқсан
2023
ЕНТ бойынша ата-аналар жиналысы

Мектепте 11-сыныптың ата-аналарымен кезекті жиналыс өткізілді. Мектеп бітіруші түлектердің білім көрсеткішінің сапасын таразылайтын ЕНТ-ға дайындығын күшейту мақсатында алынған байқау тесттерінің нәтижесі сараланды. Пән мұғалімдері әр оқушының мүмкіндіктеріне тоқталып, кемшіліктердің алдын алуға бағытталған жұмыстарымен бөлісті.