. «Білім беруде креативті платформаларды пайдалану»
№44 ЖОБ мектебінде 04.12.2023ж. «Білім беруде креативті платформаларды пайдалану» тақырыбында жас мамандарға арналған оқыту семинары өтті . Мақсаты: білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, цифрлық платформаларды қолданудың тиімді жолдары бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салу, пікір алмасу.
Семинарда цифрлық құзыреттіліктер бойынша жас мамандарға көмекші платформалар, креативті идеялар көрсетілді. Әр тәлімгер өз пәнінде осы платформаларды жүзеге асыру жолдарын көрсетті. Семинар барысында бүгінгі таңдағы цифрлы платформаларды қолдану мүмкіндіктері мен цифрлық білім беру ресурстарының білім сапасын арттырудағы рөлі, цифрлық технологиялардың мұғалім үшін тиімділігі мен жаңа мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін қолдануға дағдыланды.
Әр тәлімгер өз пәні бойынша цифрлық технологияларды меңгеру біліктілігін көрсетіп, практикалық біліктілігін көрсетті. Бұл семинар жас мамандарға өз сабағында цифрлық технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.