"Жақсылық жасап жарысайықшы" қайырымдылық акциясы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Жақсылық жасап жарысайықшы" қайырымдылық акциясы
21
қараша
2023

"Жақсылық жасап жарысайықшы" қайырымдылық акциясы

№44 ЖОББМ-де 17.10 күні «Жақсылық жасап жарысайықшы!» атты қайырымдылық кеші ұйымдастырылды. 
Мақсаты: жомарт жандарды игі істерге шақыру.
Кешіміздің сахнасы «Балбырауын» күйімен ашылды. «Мейірімді жүрек» көрінісі, «Жақсылық жасап жарысайықшы», «Алға қазақ жігіттері» әндері кештің әсерлі өтуіне септігін тигізді.
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Білім алушыларымыздың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатқаны нұр үстіні нұр болуда. 
Кеш қонақтары, осы іс-шара барысында жасалынып жатқан игі істің барлығы тек білім алушылардың өсіп-өркендеуіне, білім додаларынды үздіктеріміз көп болып, жүлдегерлердің топ жарып шығуына жағдай жасауымыз қажет деп жылы лебіздерін білдірді.