«Жазғы мектеп» жобасы -сапалы білім бастауы
«Жазғы мектеп» жобасы -сапалы білім бастауы Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында балалардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылды. Өйткені қашықтықтан оқыту кезінде көбінің үлгерімі төмендеп кеткені белгілі. Осы мүмкіндікті пайдаланып балаларының білімін толықтыруға ниет еткен ата-аналардың өтініші негізінде жазғы мектепке 603 бала қамтылды, 37 топқа топтастырылды.