Тамақтандыру » Страница 21 » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі"
14
қазан
2024
"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі"
2024 жылдың 14 қазан күні 2 сыныптар арасында "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.  Мақсаты:Оқушыларға тамақтану мәдениетін меңгерту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту.Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін айтып, тағамға, дастарханға байланысты ырымдар мен ас қайыруға бата беріп,
"Дәмдінің бәрі пайдалы ма?" дөңгелек үстел
11
қазан
2024
"Дәмдінің бәрі пайдалы ма?" дөңгелек үстел
"Дәмдінің бәрі пайдалы ма?" 5 сыныптар арасында  дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Дұрыс тамақтану мен зиянды тағамдар арасындағы айырмашылықтарды анықтау. Тағамның дәмділігі мен пайдасы арасындағы байланыс туралы пікір алмасу. 5 сынып білім алушылары арасында "Пайдалы тағам" және "Зиянды тағам" тақырыбында пікірталас жүргізіп, ойларымен бөлісіп, "Дұрыс тамақтану ережелері" туралы постер қорғады. Мұғалім: Саяқбай А.
"Дәмдінің бәрі пайдалы ма?"
10
қазан
2024
"Дәмдінің бәрі пайдалы ма?"
11 қазан күні 6 сыныптар арасында "Дәмдінің бәрі пайдалы ма?" тақырыбында дөңгелек үстел. Мақсаты: Дені сау болу үшін дұрыс тамақтану керектігін түсіндіру,дәрумендер туралы білімдерін кеңейту, қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтана білуге үйрету. Жауапты: жаратылыстану пәні мұғалімі-Сабыркей А.Т.
1-4 сынып ата-аналарына  "Ашық есік күні"
09
қазан
2024
1-4 сынып ата-аналарына "Ашық есік күні"
№44 ЖОББМГ "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында он күндігінің ашылуына орай 1-4 сынып ата-аналарына "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп, күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың перспективті ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру.