"Жақсылық жасап жарысайықшы" қайырымдылық акциясы
№44 ЖОББМ-де 17.10 күні «Жақсылық жасап жарысайықшы!» атты қайырымдылық кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: жомарт жандарды игі істерге шақыру. Кешіміздің сахнасы «Балбырауын» күйімен ашылды. «Мейірімді жүрек» көрінісі, «Жақсылық жасап жарысайықшы», «Алға қазақ жігіттері» әндері кештің әсерлі өтуіне септігін тигізді. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі