5-11 қазақ сыныптарында өткен семинардың қорытындысы туралы анықтама » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-11 қазақ сыныптарында өткен семинардың қорытындысы туралы анықтама
30
ноябрь
2017

5-11 қазақ сыныптарында өткен семинардың қорытындысы туралы анықтама

Қараша айында «Оқушылардың бойындағы патриотизм мен бәсекелік қабілеттілікті қалыптастыру арқылы шығармашыл тұлғаны тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді. Басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықтарын шыңдау, жас ұрпақ  санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялатуғ бәсекелік қабілетін арттыру болды. Семинардың бірінші күні ата-аналармен жұмысты жандандыру мақсатында    8-сынып жетекшілері А.Қалқабаева мен А.Жанақбаеваның ұйымдастыруымен «Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы» тақырыбы аясында «Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым» тақырыбында ток шоу өткізді. Ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақты тәрбиелеп,білім беріп,қоғам мүддесіне тәрбиелеу, осы мәселеге ата аналармен ұстаздар қауымы болып бірге атсалысу, ата-анаға баладан басқа ешкім керегі жоқ,сондықтан да баласының әдепті,білімді болып өсуі үшін бірлескен жұмыс керек.  Сондықтан ток шоуда ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсете отырып,  бала тәрбиелеу ісінің  жоғарылауына ықпал етуіне жетелейтін түрлі жағдаяттық сұрақтар берді. Баланың тәрбиесінде нені басшылыққа алу керек екендігін айқындау үшін «Пікір айсам деп едім …» айдары өткізілді. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, мына сұрақтарға жауап берілді.

Бала тәрбиесіндегі біздің қателіктеріміз неде?
Баланы еңбекке неше жастан және қалай үйретеміз?
Біздің баламызға қалай көмектесеміз? Сонымен қатар, алдын ала оқушыларға және ата-аналарға сұрақтар дайындалып, таратылып беріліп, пікірлері тыңдалды.

 Ата-бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде? Осы сұрақ бойынша Болат Қарақат, Оспанова Ж, Разақбай А өз ойларын нақты  айта білді. Қорытынды бөлімінде   Алтынай Жорабаева «Перзент парызы» тақырыбында бейнефильмді тамашаланып, көргені бойынша ой бөлісіп, жиналған қауым ата – ана ретінде қосар ойларын ортаға салды. 

Өткізілген ашық тәрбие сағаттарының барлығы оқушыларға тәлім-тәрбие берерлік, үлгі-өнеге аларлықтай болып өтті. Адамның бойында мейірімділікті, адамгершілікті, достықты насихаттайтын тәрбие сағаттарын «Жүрегім толы мейірім», «Дос таңдай білейік», «Дос болайық бәріміз!»,  «Бақытым өз қолымда», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» тақырыптарында  5-7 сынып жетекшілері Мырзахметова Ж, Құлжанова С, Амангельдиева И, Қарабаева Г,Сатова Р. өткізді.

 

Барлық сыныптардың тәрбие сағаттарының тақырыптары бүгінгі таңның өзекті мәселелерін қамти білді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасына ерекше назар аударады. Осыған орай, туған жердің таланттарын насихаттайтын, еліне, жеріне қамқор болатын азаматтар тәрбиелеу мақсатында 7 «В» сыныбында «Туған өлкенің таланттары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатында оқушылар туған жердің таланттарын:Алтынбек Қоразбаев, Бағдат Сәмединова , Шәбден Омаралиев, Гулжан Әспетова, Мұрат Әуезов, Шырын Мамасерікова туралы көптеген мәлімет айтып, әндерін орындап, Жарылқасым Назым «Көне Тараз» күйін орындады .

10 «Б» сыныбында «Табысты болудың сыры» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатында оқушылар 2 топқа бөлініп, топтық жұмыс жүргізілді. Өмірде табысқа қалай жетуге болатыны, табыстың сырын ашу-мақсаты болды. Бүгінгі таңда табысты адамдардың тізімі мен олардың кәсібі туралы Ақпар Олжас пен Болатбек Жібек мәлімет айтты. Тәрбие сағатында оқушылар «Табысты адам», «Табыстың сыры» тақырыптарында ой бөлісті. Жағдаяттық сұрақтарды қарастырып, бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді анықтай білді. Қорытынды кезеңінде оқушылар табысқа жетудің жолы-табанды еңбек пен білім екенін айтты. 

 Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын  жүзеге асыру аясында  7А сыныбының «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында  сынып   сағатын Н.Қойлыбаева өтті. Тәрбие сағатында оқушылар ҚР тәуелсіздігінің  26 жылдығына орай " Тәуелсіздік  шыңы” тақырыбында   иллюстрациялық кітап әзірлеп  шығарды.  Осыған орай, сынып бірінші топ «Білім ордасы» № 44 орта мектебінің ашылған уақытысынан бері барлық хабарларды жинап,  яғни 1963 жылдан бергі мектеп директорларының аты-жөні мен  суреттерін жинақтап және де мектебіміздің кітапханасы, мұғалімдері, жетістіктері туралы айтып,қорғап шықты. Екінші топ «Бірлік» тобы осы мектептегі неше ұлт өкілі бар екені жайында хабарлама жинақтап, ең көп деген төрт ұлттың, ұлттық тағамы, ұлттық киімі және ұлттық биі жайында хабарлама жинап, биін билеп берді. Қорытынды бөлімінде «Тәуелсіздік  шыңы» атты  кітабының үшінші тарауы «Тәуелсіздік» болғандықтан, Қазақстан мемлекеті жайында викториналық сұрақтар қойылып,   ойын ойнатылды. 

 

Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын  жүзеге асыру аясында  7А сыныбының «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында  сынып   сағатын Н.Қойлыбаева өтті. Тәрбие сағатында оқушылар ҚР тәуелсіздігінің  26 жылдығына орай " Тәуелсіздік  шыңы” тақырыбында   иллюстрациялық кітап әзірлеп  шығарды.  Осыған орай, сынып бірінші топ «Білім ордасы» № 44 орта мектебінің ашылған уақытысынан бері барлық хабарларды жинап,  яғни 1963 жылдан бергі мектеп директорларының аты-жөні мен  суреттерін жинақтап және де мектебіміздің кітапханасы, мұғалімдері, жетістіктері туралы айтып,қорғап шықты. Екінші топ «Бірлік» тобы осы мектептегі неше ұлт өкілі бар екені жайында хабарлама жинақтап, ең көп деген төрт ұлттың, ұлттық тағамы, ұлттық киімі және ұлттық биі жайында хабарлама жинап, биін билеп берді. Қорытынды бөлімінде «Тәуелсіздік  шыңы» атты  кітабының үшінші тарауы «Тәуелсіздік» болғандықтан, Қазақстан мемлекеті жайында викториналық сұрақтар қойылып,   ойын ойнатылды.

 10 «А» сыныбында «ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты- рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту. Сабақ төрт бөлімнен тұрды. 1-бөлімде  «Қоғамды жасаушы-жастар» тақырыбында «Еркін микрофон» әдісі арқылы пікіралмасты, 2-бөлімде «Мен қазіргі заманды өзгерте отырып болашаққа әсер еткім келеді. Менің қиялымдағы 2050 жыл» постер жасап қорғады, 3-бөлім: «1001 мақал» мақалдар айтысы ұйымдастырылып, 4-бөлімде, қорытынды бөлімінде  «Менің қоғамға қосар үлесім» тақырыбында эссе оқылды. Сабақта белсенділік танытқан оқушылар: Жақсыбаева А, Омарбай А, Рахмаділда А, Сағат Э.

Кәсіби бағдарын нақтылау мақсатында өткен 9 «А» сыныбында  «Кім болам? Қандай болам?» (Н.Көрпешова), 9 «Б» сыныбында «Мамандықтың бәрі жақсы» (Г.Медетова)тақырыптарында өткен тәрбие сағаттарында оқушылар мамандықтың түрлерімен, мамандықтың адам өмірінде алатын орнын нақтылай түсті, өзі қалаған мамандықтың ерекшелігіне тоқталып өтуіне мүмкіндік туды. Оқушылардың мақсаттары анық, сенімдері берік екені бірден байқалды. Тәрбие сағатында оқушылар түрлі қасиеттердің  қай мамандыққа сәйкес келетінін дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстырды. «Кластер» тәсілімен топпен жұмыс кезінде оқушылар мамандық туралы ойлары постер арқылы қорғалып, әр оқушы өз ойын қосып толықтырды.

 

Семинардың қорытынды бөлімінде 9 «А» сынып жетекшісі Н.Көрпешова «Жаңартылған білім мазмұнындағы тәрбиеде жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында шебер сынып өткізді. Семинар соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Даулетова сөз алып, семинар қорытындысын «қанағаттанарлық» деңгейде өткендігін атап өтті.

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі.Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр — жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді», - деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Дер кезінде дұрыс берілген тәрбие-бағасыз алтынмен тең. Алдымызда отырған оқушы еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар үлкен азамат, кәсіп иесі, бәсекеге төтеп бере алатын тұлға болып қалыптасады. Сондықтан да бала тәрбиесіне «Мектеп-Ата-ана» болып, жұмылған жұдырықтай атсалысып, асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырып алмау үшін бірлесіп еңбек етсек қана болашағымыз айқын болады.

 

Ұсыныс:

1.Сынып жетекшілер сынып сағаттарын мақсатқа сай өткізсін;

2. Тәжірибелі сынып жетекшілермен «Шебер сынып», «Коучинг-сессияларды» өткізу қамтылсын.